“АрселорМиттал Теміртау” компаниясын қазақстандық инвестор сатып алатыны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде «АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алатынын мәлімдеді.
«Қазір біз компанияның атын атай алмаймыз, бірақ кәсіпорынды нарықтық бағамен сатып алатын қазақстандық инвестор болады», - деді ол.
Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптегі қауіпсіздікке көбірек көңіл бөлінетінін атап өтті.
«Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады», - деді ол.
Компания басшылығы Костенко атындағы шахтада 28 қазаннан бастап жұмыстың барлық түрі тоқтатылғанымен, кеншілердің табыс деңгейі төмендемейтінін айтты.
1-27 қазан аралығындағы жұмысшыларға еңбекақы толық төленеді. 28 қазаннан 31 қазанға дейін жұмыс тоқтатылған кезде орташа жалақы көлемінде төлемдер жүргізіледі.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз