Байқоңырдағы орыс мектептерінде қазақ тілі енгізілмейтін болды

3426
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/5065618-960x500.jpg?token=fec414fa6e6d90517b8b24c54cbdc130
Байқоңыр қалалық білім бөлімі қаладағы орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының сегізінші отырысының қорытындысы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан тарихы» пәндерін оқыту мәселесін бірлесіп зерделеу туралы шешім қабылданды. Байқоңыр қаласының орыс мектептерінде бұл пәндерді оқу тек оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру шеңберінде жүзеге асады. Яғни, олардың қалауы бойынша мектептен тыс жұмыс түрінде оқуға болады»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, қаладағы 12 орта мектептің бесеуі Қазақстанның білім стандарты бойынша жұмыс істейді, ал қалған мектептер Ресейге тиесілі.
Комментарии
Другие материалы