Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жолдар жабылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеп.
«Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
Жамбыл облысы: «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км., Кенен ауылы - Қайнар ауылы маңы(жолдан өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км.
Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты (жел, жаңбыр және қар, тұман, көру мүмкіндігі шектеуліне байланысты)
Батыс Қазақстан облысы: «Самара-Шымкент» км. 266-393 км., Подстепное ауылы - Жымпиты ауылы 127 км қашықтықта.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы: «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км., Возвышенка ауылы - Рощинское ауылы маңы – 166 км.
Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты (боран, жол көрінуінің нашарлауы)
Республикалық маңызы бар жолдарда туындыған қолайсыздықтар үшін 779 бірлік техника мен 1432 адам жұмылдырылғаны көрсетілген.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз