Алматыдағы тұрғын үйде болған өрт орнынан үй иесінің мәйіті табылды

2757
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/zauyt-өrt-960x500.jpg?token=3e6f40b5001c21895dd93cbb1a3d0f99

25 ақпан күні сағат 02:49-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнынан үй иесінің денесін тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, өрт салдарынан аумағы 68 шаршы метрлі тұрғын үйдің төбе жабыны құлаған. "Сағат 04:00-де өрт оқшауланып, 05:03-те сөндірілді. Өрт орнынан 1960 жылғы үй иесінің мәйіті табылды", - делінген хабарламада. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, ер адамның өліміне электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен төтенше жағдайлар қызметінің 6 бірлігі, полиция, жедел жәрдем техникасы жұмылдырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы