"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен мәжіліс депутаттары жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясында кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек твиттерде жазды.
"Nur Otan"партиясының лидері Н.Ә. Назарбаевтың қаулысымен Омархан Өксікбаев партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Павел Казанцев партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - деп жазды Байбек.
Ол партия фракциясы депутаттарының кәсіби біліктілігі мен табандылығы, мемлекеттік және партия жұмысындағы мол тәжірибесі партиялық органдарды күшейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.