Қостанай облысында Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«2024 жылғы 22 қарашада «Қашары Руда» АҚ аумағында жол-көлік оқиғасы болды, нәтижесінде вахталық машинаның жүргізушісі әкімшілік-тұрмыстық корпус маңында қозғалыста маневр жасай отырып, вахталық автомобильдің басқа жүргізушісіне соқтығысты», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі жұмысшы өлімі жайында.
Кәсіпорын ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады және барлық қажетті қолдауды көрсетеді.
Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз