Соколов-Сарыбай кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

2204
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7561-960x500.jpeg?token=e63a4f7977fc54a5229fe3ffe2d32ca0
Қостанай облысында Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  «2024 жылғы 22 қарашада «Қашары Руда» АҚ аумағында жол-көлік оқиғасы болды, нәтижесінде вахталық машинаның жүргізушісі әкімшілік-тұрмыстық корпус маңында қозғалыста маневр жасай отырып, вахталық автомобильдің басқа жүргізушісіне соқтығысты», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі жұмысшы өлімі жайында. Кәсіпорын ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады және барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
评论