Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар полицей Антикор қызметкеріне оқ атқан

1048
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/pistolet-1-1-960x500.jpg?token=2779fa348a519abc75fac05b23a15a7b
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысының шекаралас аудандарының бірінің полиция қызметкерлерінің қылмыстық әрекетін тоқтатты. Олар Қазақстан Республикасынан жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарып, шетел азаматтарынан заңсыз материалдық сыйақылар алған деп күдікке ілінді", – деді Бегайдаров Антикорда өткен брифингте. Хабарланғандай, олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде көрші мемлекет азаматтары мұнай өнімдерінің контрабандасын ұйымдастырған. "Тергеу әрекеттері кезінде күдіктілердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне қарсылық көрсетіп, қызметтік қаруды қолданған. Сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", – деп қосты Антикор өкілі.
Комментарии
Другие материалы