«ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауы

6254
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/09/ak.jpg
«Ақ жол» партиясы 2019 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауын жариялайды. Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау. Байқауға Алаш қозғалысы тақырыбында зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары қатыса алады. Байқау жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Байқау келесі  номинациялар бойынша өткізіледі:
  1. Алаш қайраткерлерінің мемлекеттілік туралы идеяларының қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы:
–          Алаш және парламентаризм; –          Алаш және дипломатия; –          Алаш және саяси партиялар; –          Алаш және мемлекетті басқару формасы; –          Алаш және демократиялық құндылықтар, –          Алаш және құқықтық сана, т.б.
  1. Алаш ұстанымы және бүгінгі ұлттық экономикамен әлеуметтік саланы жетілдіру мәселелері:
–          Алаш қайраткерлерінің көшпелі және отырықшы шаруашылық туралы пікірталастары; –          Қазақстанның шикізат қоры және өнеркәсіпті дамыту; –          Алаш және еңбек қоғамын қалыптасыру; –          Алаш және нарық; –          Алаш және салық мәселесі, т.б.
  1. Ұлы Дала жетістіктерінзерделеудегі Алаштың рухани мұрасының орны:
–          Алаш қайраткерлерінің түркі әлемінің генезисі туралы зерттеулері; –          Алаш қаламгерлері шығармашылындағы «Алтай», «Түркістан», т.б. киелі ұғымдардың бейнесі; –          Алаш және мәдени код; –          Алаш идеялары және ұлттық бренд, т.б. БАҚ журналистері үшін арнайы номинация
  1. Бүгінгі заман контексіндегі Алаш:
–          Публицистік мақалалар; –          Деректі фильмдер; –          Хабарлар; –          Репортаждар; –          Журналистік зерттеулер; –          Сұхбаттар; –          Ток-шоу шығарылымы. Байқау үш кезеңнен тұрады: 1-кезеңде  Байқауға келіп түскен жұмыстарға қазылар алқасы сараптама жасап, іріктеуден өткізеді.  2-кезеңде  үздік 40 жұмыстың авторлары тақырыбы бойынша баяндама жасап, өз номинациясындағы қарсылас үміткерлермен пікірталасқа түседі.  3-кезең Алашорда үкіметінің құрылған күні қарсаңында, желтоқсан айында өткізіледі. Байқаудың ақтық сынына қатысушылар өз жұмыстарын қорғап, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Байқау шарттары:
  1. Жұмыс бір адамның (жеке үміткердің) атынан  және өзі көрсеткен номинация бойынша ұсынылады;
  2. Жұмыста Алаш қайраткерлері көзқарастарының бүгінгі дәуірмен сабақтастығы міндетті түрде қамтылуы тиіс;
  3. Плагиатқа (басқа авторлардың дайын жұмыстарын көшіріп ұсынуға) жол берілмейді;
  4. Шығарма бастақырыбының оның мазмұнына сәйкес келгені және тапқыр да жинақы қойылғаны мақұлданады;
  5. Жұмыста сілтеме жасалған дереккөздер дәл, нақты және шынайы болуы қажет;
  6. Талапқа сай безендірілмеген және мерзімінен кеш жолданған жұмыстар қабылданбайды.
  7. Осыған дейінгі жеңімпаздар Байқауға қатыса алмайды.  
Мақаланы (эссені) рәсімдеу талаптары: Мәтін 14 өлшемді Times New Roman қарпімен теріледі; жоларалық интервал – 1; абзац шегінісі – 1,25 см; беттің оң жағынан – 3 см, үстіңгі және астыңғы жағынан –  2 см, сол жағынан 1,5 см кеңістік қалдырылады. Байқауға қатысу туралы өтініште жұмыс авторының толық аты-жөні, туған жылы, тұрғылықты мекен-жайы, қызмет (оқу) орны, ғылыми дәрежесі (бар болса), ұялы байланыс телефоны мен электронды поштасы толық көрсетіледі.    Мақаланың (эссенің) көлемі 10 беттен аспауы тиіс. Байқауға ұсынылатын жұмыстар  2019 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. Байқаудың жүлде қоры – 4 миллион теңге. Ол келесі тәртіп бойынша бөлінеді: 2-кезеңге жолдама алған үміткерлердің әрқайсысына (ақтық сынға өтетін 12 қатысушыдан басқасына) 25 мың теңгеден қаржылай сыйлық беріледі. Ақтық сайыс қорытындысы бойынша номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін қаржылай сыйлық көлемі: Бірінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге; Екінші орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге; Үшінші орын – 100 000 (жүз мың) теңге. Жеңімпаздар  мен жүлдегерлерге Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі табысталады.  Байқау жеңімпаздары (1-орын) мен жүлдегерлерінің (2,3-орындар) мақалалары жеке жинақ түрінде жарық көреді. Байқаудың 2 және 3-кезеңдеріне қатысушылардың іссапар және жатын орын шығындары «Ақ жол» ҚДП  тарапынан төленеді. Байқау жұмыстары «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына (Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел, 30, «Ақ жол» ҚДП кеңсесіне) немесе alash_akzhol@mail.ru; akzholpress@mail.ru электрондық поштасына жолданады.
Комментарии
Другие материалы