Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

2052
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-10-960x500.jpeg?token=f33b9f4e101dda5b19b77ab9ffcf5500
Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің 10 сынып оқушысы Рамазан Бұтантаев Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды. Бұл туралы бүгін, 5 мамырда Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. APLO-2025 олимпиадасына Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сынды елдерден 500-ге жуық оқушы қатысты. «Жалпы Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті. Атап айтсақ, отандастарымыз 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды. Бірінші орын – Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы; Екінші орын – Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы; Үшінші орын – Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы; Үшінші орын – Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы; Үшінші орын – Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы. Құрмет грамотасымен марапатталғандар: Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы; Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы; Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы»,—делінген хабарламада. Айта кетейік, Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыретті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.
Комментарии
Другие материалы