Елордада 29-30 мамыр күндері Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Форум жаһандық сын-қатерлер мен геосаяси шиеленістер жағдайында мемлекетаралық ынтымақтастық пен дипломатияға жәрдемдесудегі өз миссиясын жалғастырып жатыр.
Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады.
Ұйымдастырушылар 39 панельдік сессия өтеді жоспарлап отыр. Оның ішінде 10 эксклюзивті сессия жоғары дәрежелі қонақтармен және әлемдік көшбасшылардың жеке қатысуымен өтеді.
Форум бағдарламасы «Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік», «Энергетика және климаттың өзгеруі», «Экономика және қаржы» деп аталатын үш негізгі тақырыптан тұрады.
Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік саласындағы әлемдік сарапшылар болашақ туралы пакт, сондай-ақ көпполярлы әлемдегі «орта державалар» саясатын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы жаңа тепе-теңдікке апаратын жолдарды талқылайды.Айта кетейік, елші, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының төрағасы (2022-2025 жж.) Кристоф Хойсген, Элькано корольдік институтының директоры Чарльз Пауэлл, Женева қауіпсіздік саясаты орталығының (Gcsp) атқарушы директоры Томас Гремингер аталған тақырып бойынша форумға қатысатынын растады.
Энергетика және климаттың өзгеруі туралы панельдік сессияларда қатысушылар су және энергетикалық қауіпсіздікті, Орталық Азияның орнықты болашағын, климат саласындағы жаһандық іс-қимылдарды, инновациялық сын-тегеуріндерді талқылайды.
Сондай-ақ, форумға CNN тілшісі Макс Фостер де қатысады. Ол бұл күнді асыға күтіп жүргенін айтты.
«Мен Макс Фостермін, Лондондағы CNN арнасының тілшісі әрі «Біз не білеміз» шоуының жүргізушісімін. Біз шоуымызды алғаш рет шетелде өткізгелі отырмыз, сол себепті Астанаға сапарымды асыға күтудемін.
Бағдарлама барысында Хорватияның Премьер-министрі Андрей Пленковичтен бастап, БҰҰ-ның Көші-қон ұйымының өкілі Эми Папа ханымға дейін көптеген беделді тұлғалармен сұхбаттасамын.
Біз үлкен әрі күрделі әлемде өмір сүріп жатырмыз. Қонақтарымыз өз салаларындағы маңызды мәселелерді көтереді, ал біз студияда осы тақырыптарды терең талқылаймыз. Сонымен қатар, пікір білдіретін сарапшыларымыз күрделі жайттарды қарапайым тілмен түсіндіріп, барлығымызға түсінікті болуына көмектеседі деп сенемін”, деді ол.