Ғаламат дауыс иесі. Бүгін — Димаш Құдайбергеннің туған күні

2059
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/whatsapp-image-2024-11-28-at-13.56.06-960x500.jpeg?token=b8170f8395c598685cf48efb6047baf1
Бүгін — әлемге әйгілі қазақ әншісі, композитор, мультиинструменталист Димаш  Құдайберген 31 жасқа толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақтөбе қаласында 1994 жылы дүниеге келген Димаш – ерекше дауыс диапазоны, жанды орындауы және өнерге деген шексіз адалдығымен әлем тыңдармандарын баурап алған тұлға. Ол алғаш рет бес жасында сахнаға шығып, алты жасында республикалық байқауда жеңіске жеткен. Жас күнінен-ақ халықаралық байқауларда топ жарып, “Жас қанат”, “Славян базары”, “I am a singer” секілді ірі жобалар арқылы әлемге танылды. Ол қазақ, ағылшын, орыс, қытай, француз және басқа да бірнеше тілде ән орындайды. 2017 жылы Азияның ең танымал әншісі атанып, “Top Chinese Music Award” жүлдесін жеңіп алды. Биыл туған күніне орай Димаштың поляк жанкүйерлері Варшавадағы Польша Ғылым академиясының ботаникалық бағында ескерткіш алмұрт ағашын отырғызды. Ағаш жанына арнайы тақта қойылып, онда Димаштың 6 октавадан тұратын вокалдық диапазоны мен QR-кодпен оның ресми YouTube арнасына сілтеме берілген.
Комментарии
Другие материалы