Макрон: Трамп Путиннің өзін алдағанын түсінді

1709
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/makron-emmanuel-960x500.jpg?token=fee190f27d2c061e164b70ba77e50f34

Украинадағы соғыс тек Еуропаның ғана емес, сондай-ақ бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағының тұрақтылығына қауіп төндіреді. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Оңтүстік-Шығыс Азияға жасаған сапары барысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.

Француз көшбасшысының пікірінше, Ресей тарапы соғысты Солтүстік Корея әскерінің қолдауымен жүргізіп жатыр.

Ол Вьетнам мен Индонезия секілді аймақ елдеріне үндеу жасап, ресейлік қаруға балама іздеуге шақырды.

Сондай-ақ Макрон Кремль әрекетін сынға алды.

«Келіссөздерге дайынбыз дегеннен кейін шабуыл жасауға болмайды. Менің ойымша, АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің алданғанын түсінді. Путин бейбітшілік туралы мәлімдемесінде өтірік айтты»,—деді ол.

Комментарии
Другие материалы