Бір айда екінші қырғыз қызы Эверестке көтерілді

1135
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/c444c1ab-761e-4b25-8015-c53a4d597572-960x500.jpeg?token=8d2a3ce52da59a209b150dc1c844ef2f

Қырғызстандық кәсіпкер әйел Рысгүл Әкімжанова әлемдегі ең биік тау – Эверест шыңын бағындырды. Бұл туралы Facebook парақшасында оның күйеуі, парламент депутаты Эмиль Токтошев жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, Рысгүл шыңға 27 мамыр күні Непал уақытымен таңғы 04:40-та көтерілген. «Қазір ол базалық лагерьге түсіп келе жатыр. Оған сәтті түрде төмен түсуін тілейміз», – деп жазды Токтошев.

Рысгүл Эверестті екінші әрекетінде бағындырды. Бұған дейін ол 8400 метр биіктікте оттегінің жетіспеуіне байланысты көтерілуін тоқтатуға мәжбүр болғанын жазған.

Ол – Эверестті бағындырған Қырғызстаннан шыққан екінші әйел. Бұған дейін, 9 мамыр күні, Әсел Байбагышева Эвересттің шыңына Қырғызстан туын тіккен болатын.

Эвересттің биіктігі – 8 848 метр. Әкімжанова осы шыңды бағындырған Қырғызстаннан шыққан алтыншы альпинист атанды.

Комментарии
Другие материалы