Сахарада емес. Шымкентте жасөспірім садақ оғынан жараланды

1902
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_2472-960x500.jpeg?token=3431ab854b8e38e24cf02f02a0d66052
Шымкентте орталық стадионда кәмелетке толмаған бала жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлтттық порталы Aikyn.kz-ке сілтеп. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық Полиция департаменті ресми түрде растады. Оқиға мүгедектігі бар адамдарға арналған садақ ату секциясының жаттығуы кезінде орын алған. Жаттығу барысында жебелердің бірі траекториясынан ауытқып, алаң шекарасынан шығып кеткен. Сол сәтте стадион жанынан өтіп бара жатқан жасөспірімге садақтың жебесі тиген. «Орталық стадион аумағындағы аталған секцияда садақпен ату кезінде бір жебе бағытынан тайып, алаң сыртына ұшып кеткен. Нәтижесінде ол стадион жанына өтіп бара жатқан балаға тиген», – деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева. Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін және өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдегкн. Қазіргі уақытта полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр.
Комментарии
Другие материалы