БҚО әкімі Жымпитыда қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтты

1688
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/whatsapp-image-2025-06-04-at-19.04.22-1-960x500.jpeg?token=6fc491126ddfd4389ade0db820b4f1b6

Сырым ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты.

«Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – деді облыс басшысы.

Оның тапсырмасымен оқиға орнына әкімнің орынбасары жіберілді. Қазіргі уақытта аудан әкімі оқиға орнында жүр, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр.

Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетіледі. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық қолдау, баспанамен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік көмек шаралары жүзеге асырылады.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, полиция қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да жауапты мекемелер жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі жағдайды өзінің жеке бақылауына алғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін ата-анасыынң қарауынсыз қалған бес бала өрт салдарынан қаза тапты.

Комментарии
Другие материалы