Желіде жаңа әдеби эстафета басталды

1276
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/kitap-oқu-02-960x500.jpeg?token=9f3ddeaf5ec979700391426f14ab7692

Белгілі ақын Қалқаман Сарин әлеуметтік желіде әдебиетсүйер қауымға арналған жаңа эстафета бастап, өзінің сүйікті кітаптарын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл бастама ел ішінде үлкен қолдау тауып, әдебиетті насихаттаудың тың үлгісіне айналды.

Ақынның ізін ала бұл эстафетаға Қазақстанның бірқатар танымал тұлғалары үн қосты. Олар өздерінің ең сүйікті он кітабын ұсынып, көпшілікті кітап оқуға шақырды. Эстафетаны жалғап жатқан өнер, мәдениет, медиа және бизнес өкілдерінің қатарында Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазы, Саят Медеуов, Динара Сәтжан, Бекжан Тұрыс, Нұркен Өтеуіл, Талант Арғынғали, Сырымбек Тау, Бауыржан Халиолла бар.

Эстафетаға кез келген Қазақстан азаматы eGov Mobile қосымшасы арқылы қатыса алады. Ол үшін сүйікті 10 шығармасын таңдап, онлайн сауалнамаға жауап беру жеткілікті.

Комментарии
Другие материалы