Алматы қаласында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Олар бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр.
«Күдіктілердің шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді. Анықталған барлық факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады»,—деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Министрлік елдегі, оның ішінде ірі мегаполистердегі жедел ахуал құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
https://youtu.be/t4FgMCb2OmY?si=wBThPFuW8Tfrzsb6