Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшерін көбейткелі жатыр

3111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/924172ab-ca62-4981-a02f-8933429778f1-960x500.jpeg?token=acd178afb4dec47f4b91e5a278a9aa75
Ең төменгі зейнетақы мөлшерін өсіру жайы Қаржы министрлігі "Ашық НҚА" порталына орналастырған "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. Сонымен 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: - жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге; - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері –18 524 теңге; - зейнетақының ең төмен мөлшерi – 42 272 теңге; - жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге; - базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге болып белгiленсiн.
" Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 процентке көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін", - делінген заң жобасында.  
Сонымен қатар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері – мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,6 процент деп белгiлену ұсынылады. Одан бөлек, құжатта 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiлену жайы да айтылады. Заң жобасы 2020 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқыда болады. Айта кетейік, қазіргі уақытта ең төменгі зейнетақы мөлшері - 40 441 теңге.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы