Жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды (видео)

4107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/5f524ed8-b9b5-438f-aa5e-7c1e5c0f1d46.jpeg
Алматы қаласының орталығында сауналар мен спа-салондарда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың құрамында сегіз саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерді. СЭС саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады.
– Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді. Бұл мекемелерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің де жұмыс істейтіні, олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмағаны анықталды. Бір сөзбен айтқанда, притондар “дене массажы”, “СПА-салон” және “сауна” белгілерімен жұмыс істеді. СЭС өкілдері мекеме иелері мен әкімшілеріне қарсы ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес шаралар қабылдады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы мен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды, – деді Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары Елнұр Кұдретбаев. https://youtu.be/k73RFmznjik

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы