Судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйде шомылудың салдарынан болады

2636
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/unnamed-2.jpg
Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат Ержанов мәлімдеді.
- Суға кету фактілерінің басым бөлігі өзінің әлін білмей, мас күйде шомылу салдарынан орын алады. Балалардың суға кетуі – ойнап жүрген уақытта немесе ата-ананың назарынан тыс қалғанынан орын алады. Суға кету фактілерінің қалғаны адамның денсаулығының күрт нашарлауы және денесінің құрысып қалуынан болып отыр. Суға түсу маусымында ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмауы керек, – деді Асқат Ержанов.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, жағажайлардағы демалыс уақытында суға түсу кезінде қауіпсіздік шаралары мен ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  
Комментарии
Другие материалы