«Үздік ғылыми жоба» байқауының жеңімпаздары

2216
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/9d2d5fe4-3ec8-45f0-881b-3971f4f0341d.jpeg
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Үздік ғылыми жоба»  республикалық конкурсы  облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Қостанай құрылыс колледжінің «Сәулет» мамандығы бойынша 2 курс студенті Ольга Выродова (3 орын; ғылыми жетекшісі: Елена Владимировна Ничубай) және Қостанай автомобиль көлігі колледжінің 1 курс студенті Кун Иван (2 орын; ғылыми жетекшісі: Айжан Өміртайқызы Тайкенова) жеңімпаз атанды. Жобаның мақсаты: өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздестіру. Бұл жоба дәстүрлі болып табылады және оны Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығымен бірлесіп жүргізеді.  Жеңімпаздарды марапаттау Достық үйінде өтті. Жеңімпаздарды конкурстық комиссияның төрағасы, Қостанай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Денис Качеев марапаттады, ол барлық жұмыстардың күшті және өзекті болғанын атап өтті және жүлдегерлерге республикалық конкурста табыс тіледі.
Комментарии
Другие материалы