Софья Берульцева мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды

4978
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/a9ef1ed7-61b5-4b6c-91b7-db009c04b204.jpeg
Қазақстандық спортшы Софья Берульцева (61 кг) мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Отандасымыз каратенің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынап жатыр. Алғашқы жекпе-жекте ол түрік спортшысымен тең түссе, екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы Сильвия Семерародан 5:1 есебімен басым түсті. Үшінші жекпе-жекте әзірбайжандық Ирина Зарецкаяны 5:4 есебімен жеңді. Осылайша отандасымыз 5 ұпаймен жартылай финалға жолдама алды. Төртінші кездесуінде Софья жапониялық Аюми Уэкусамен кездесетін болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы