Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін өткізеді

2362
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/2019_09_06_era_5299-01.jpeg
16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды.
- 16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Отырыс онлайн форматта өткізіледі. Отырыстың күн тәртібінде Ұлттық кеңес шеңберінде бұрын берілген Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму жөніндегі ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылау жоспарлануда, деп жазылған Ерлан Қариннің хабарламасында.
Айта кетейік, президенттің Баспасөз қызметі ертең 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии
Другие материалы