Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

4148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/af628fab-d07f-4a95-b708-7732341b0ebd.jpeg
Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Атап айтсақ, ол 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Жаңа қаулыға сәйкес:
– спорт-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге тек "жасыл" мәртебeci бар және коронавирустьқ инфекцияға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана рұқсат беріледі; - "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарияльқ дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысының 4 және 5 қосымшаларына сайкес өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асады; - тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялануы жэне ревакцинациялануына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналының және барлық меншіктің нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70% қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады.
Оқыту форматында өзгерістер бар. Атап айтсақ:
мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта; жалпы білім беретін мектептерде («қызыл» аймақ): - 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) штаттық форматта; - 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда — штаттық форматта; - 600 оқушыдан жоғары — мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жуктемемен штаттық форматта; - мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім ұйымдарында, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарында штаттык форматта; - жоғары оқу орындарында жане колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта — практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, практика кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн өткізіледі.
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер