ҚР ТЖМ қызметкері, тіл жанашыры Бақыт Қаржаубайұлы қазақ тілін талап еткені үшін жылдар бойы сыйақыдан қағылып, қудалау көріп, қызметінен төмендетілген, деп жазады "Адырна " ұлттық порталы.
"Пожарный и спасатель Казахстана" журналының атауы Мемлекеттік тілде болмаса жазылудан бас тартамын және жеке құрамға жазыл деп айтуға қақым жоқ! "—деп, Ильиннің алдына қасқая тұрып, сол үшін жылдар бойы сыйақыдан қағылып, қудалау көрген Бақыт Қаржаубайұлы қазіргі күні қызметінен төмендетілді.
"Бұл ұлтын ерекше сүйетін, патриот азаматтың сағын сындыра алмады, ол дегеніне жетті. Осы жылдың басынан бастап журнал "Қазақстан құтқарушылары" деген атаумен шығатын болды. Қаржаубайұлы сияқты намысты жігіттер көп болсын" деп жазды Кенжегүл Тергембай өзінің Facebook парақшасында.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта тағы 10 жыл болса, одан кейін дербес даму туралы айту абсурд
"Мәзірді қазақша түсіндіргеніміз үшін 10% обслуживание аламыз" - Шымкеттегі Eldorado қазақ тілін шеттетуде