Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің Қазақстаннан кеткенін жазды, деп хабарлайды "Адырна" сайты.
Ол елордадан Атырауға жеке ұшағымен, одан «Комлюкс» компаниясының бортында Бакуге ұшқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
ҚазТАГ ақпарат көзінің хабарлауынша, Нығматулин осылайша өзінің кеткен ізін жасыруға тырысқан. Әзірбайжан астанасынан ол одан әрі, кез келген елге мүмкін, басқа төлқұжатпен барған болуы мүмкін.
Нығматулиннің Қазақстаннан кететіні туралы ақпарат бұған дейін де бір емес, бірнеше рет таралып, ол тіпті журналист Махамбет Әбжанға жанұясымен жай киноға бара жатқанын айтып түсініктеме берген.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
“Қонақтарымен жүре берсін”. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үкімет сағаты кезінде орнында болмай шықты
Депутат болсам, кабинетіме камера, тіпті дыбыс микрофондарын орнатып, тәулік бойы жұмыс істеуге дайынмын — Анас Ахатұлы