Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер басталды. Жиынға Түркия президенті Ердоған қатысып, тараптарды атысты тоқтату туралы келісімге шақырды.
«Қазір бүкіл әлем сіздерден жақсы жаңалықтар күтеді», – деді ол.
Айта кетейік, Ыстамбұлда келіссөздер жүргізу туралы келісімге Түркия мен Ресей президенттері Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізді.