Қазақстандықтардың зейнетақысы тағы да көтеріле ме, осы сауалға Еңбек министрі жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Орташа зейнетақы мөлшері 105 мың теңге. Қазақстандықтардың шамамен 20-25 пайызы қазірдің өзінде 150 мыңнан астам зейнетақы алады. Біреу 170 мың, біреу 180 мың алады», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Елімізде зейнетақы жыл сайын көтерілетінін айтқан Еңбек министрі базалық зейнетақы инфляция деңгейінде, ал ынтымақты зейнетақы одан 2%-ға өскенін айтты.
”Адырна” ұлттық порталы.