Доссор-Құлсары тас жолында апат болып, 5 адам қаза тапты

20003
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/d440c1d3-2861-48cf-8cd0-31c302d60b02.jpeg
Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. Апат сағат 16:00-де Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында орын алды, деп жазады atpress.kz. "Toyota Hilux және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",-деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Дәлелденбеген дерек бойынша,  қайтыс болған 5 адамның барлығы бір үйдің адамдары.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер