«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшысы Мәжит Шәріпов өз еркімен қызметтен кетпек

1873
Adyrna.kz Telegram

Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшысы қызметінен 4 шілдеде кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов Компанияның Басқарма төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды, - делінген хабарламада.

Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов Басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер