Франция билігі ыстық пен құрғақшылыққа байланысты 88 департаментке суды пайдалануға шектеу қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Су тапшылығы Пеи-де-ла-Луара және Пуату-Шарант аймақтарында қатты байқалады. Оған бірнеше апта бойы сақталатын қалыптан тыс ыстық ауа райы мен қыста жауын-шашынның аз жаууы себеп болды.
Енгізілген шектеулерге сәйкес, зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына күндізгі уақытта бақшаны суаруға тыйым салынды.