Аяусыз ұрып-cоққан: Алматыда ер адам өз әйелін балаларының көзінше қан-жоса етті (ВИДЕО)

7227
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-29_142134305.png
Алматының Қалқаман шағын ауданында ер адам әйелін балалары мен өтіп бара жатқан адамдардың көзінше ұрып-соққан, деп хабарлайды "Адырна" порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.  Бейне желіде тарады. Оқиға Қалқаман шағын ауданында болған. Ер адам көшеде әйелін ұрып өлтіре жаздады. Белгілі болғандай, ер азамат ​​полицияға ақша ұсынып, оңай құтылғысы келген. Видео авторының айтуынша, күйеуінің қатыгездігі сонша, әйелінің басын КамАЗ көлігіне соққан. Ең өкініштісі, екі бала әкесінің анасын ұрып-соққанын көруге мәжбүр болды.  
Пікірлер