Израильдің Иранға жасаған жаппай шабуылынан 224 адам қаза тапты. Бұл туралы Иранның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ресми өкіл Хосейн Керманпурдың айтуынша, 1200-ден астам адам түрлі жарақат алған.
«Израильдің 65 сағатқа созылған агрессиясы салдарынан жараланғандар мен қаза тапқандар саны 1 481 адамға жетті. Оның 1 277-сі университет клиникаларына жеткізілді.
Зардап шеккендердің 90 пайызы — бейбіт тұрғындар»,— деді ол.
Еске салайық, 13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандары мен зауыттарына соққы жасаған еді. Иран Израильді басқыншылық жасады деп айыптады. Содан бері екі жақ бір-біріне соққы жасап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар