Қазақстанда бірінші АЭС құрылысы шамамен 2035-2036 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом электр станциясын жобалау, салу және пайдалануға беру үдерісі орта есеппен 10–12 жылға созылады. Осыған сәйкес, құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі – 2035–2036 жылдар. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бұл жоспарларға сәйкестігін растап отыр»,– делінген хабарламада.
Жобаның нақты құны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, 14 маусымда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде «Росатом» таңдалғаны белгілі болған еді.