Иранда Израиль шабуылдарынан 627 адам қаза тапты

1308
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Kowcm8fxGmQ8mph2jCTEEA7SdSkC7xJcZcEcVWQ4.webp

Иранда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 627 адамға жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Одан бөлек, 4870 адам жарақат алған. Ең көп адам шығыны Тегеран мен Керманшах қалаларында тіркелген.

Ресми деректерге сүйенсек, қаза тапқандардың тек 13,9 пайызы ғана ауруханада көз жұмған. Ал қалғандары оқиға орындарында қаза болған.

Министрліктің ресми өкілі Хосейн Керманпурдің айтуынша, бұл – соңғы жылдардағы ең ірі адам шығынына алып келген әскери соққының бірі.

24 маусымда Израиль шабуыл салдарының 28 израильдік қаза тауып, 1472 адам жараланғанын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға әуеден шабуыл жасаған болатын. 

 

 

Пікірлер