Бүгін, 30 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жаңа өзгеріс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып, оның жедел функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беріледі.
Енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сыбайлас жемқорлық саясатына және оның алдын алуға жетекшілік етеді.
"Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін",—делінген хабарламада.
Сондай-ақ ҰҚК мен агенттік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құқықтық мирасқорларына айналады.
Қаулыға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінен шығарылды.