Сара Назарбаеваның госпитальде әлі ем қабылдап жатқаны айтылды

4853
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/svD7I4GoBTROMskHaCHB3vRG6EUZ3ThQApY2BM3F.webp

Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева Алматы қаласындағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы мекеме әкімшілігі Informburo.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Пациент қажетті емдеу курсынан өтуде. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай жүргізіліп, білікті мамандардың бақылауымен жүзеге асырылып жатыр», - делінген хабарламада.

Клиника Сара Назарбаеваның нақты диагнозы мен денсаулық жағдайына қатысты мәліметті жария етпейтіндерін жеткізді. Айтуларынша, бұл — медициналық құпия. Мұндай ақпарат тек науқастың өз келісімімен ғана берілуі мүмкін.

«Медициналық этика мен кәсіби жауапкершілік қағидаттарына сәйкес, медициналық ұйымдар науқастың жеке деректерін құпия сақтау тәртібін қатаң ұстануы тиіс. Ақпаратты жарияламау туралы шешім пациенттің жеке өміріне құрмет көрсету, оның құқығын қорғау және емдеу процесіне сыртқы араласудың алдын алу мақсатында қабылданды», – деп нақтылады госпиталь әкімшілігі.

Айта кетейік, мамыр айында Сара Назарбаева қайтыс болды деген қауесет тараған еді. Алайда бұл ақпаратты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды. Кейіннен Сара Алпысқызының ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

 

Пікірлер