Түркиядағы алапат өрт. Зардап шеккен қазақстандықтар бар ма?

1809
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tetg1D2mXYgF4UNEcm1ApwMNoIvO451Cxg4xFUzj.png

Түркияның туристік аймақтарындағы алапат өрт өршіп барады. Соңғы деректер бойынша 14 адам қаза тапқан. Қазақстанның туризм және спорт министрлігі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна”.

Айта кетейік, Бодрум, Мармарис, Анталья провинцияларындағы өрт тіпті Анталья әуежайына дейін жақындаған. Бурсадағы өртті өшіріп жүрген 11 өрт сөндіруші мен 3 тұрғын қаза тапты.

Қазақстанның Туризм және мәдениет министрлігі оқиғаға қатысты мәлімдюеме жасап, өрт тоқтамаса қандай шаралар қабылданатын жария етті.

«Осы уақытқа дейін Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарынан Туризм және спорт министрлігіне өтініш келіп түскен жоқ. Егер оқыс жағдайлар орын алған жағдайда Қазақстан азаматтары кепілді жүйе арқылы елге оралады», - деп хабарлады министрлік.

Пікірлер