Бакуде Каспий теңізінің таяздануына қатысты сарапшылардың алғашқы отырысы өтпек

984
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/kaspi-teniz.jpg

Бакуде Каспий теңізінің таяздануына қатысты бесжақты сарапшылар тобының алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Түркіменстанның Аваза қаласында өткен БҰҰ-ның үшінші конференциясы аясында Каспий маңы елдерінің үкімет өкілдері деңгейіндегі жиында Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаев мәлімдеген.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл отырысты ұйымдастыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Каспий теңізінің бақылау жүргізілген бүкіл кезең ішінде ең төменгі деңгейге дейін жеткені туралы жазған едік. Соның салдарынан Ақтау портында кемелер мен танкерлердің түбі тиіп қалуда. Ғалымдардың айтуынша, ХХІ ғасыр соңына қарай теңіздің Қазақстандағы бөлігі шөлге айналу қаупі бар.

Пікірлер