Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, екі адам жарақат алды

1902
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nCSM7iyqW312PNroHplRIoS7Q0KVr0yvORPao45O.webp

Алматыда Тимирязев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында 11-маршруттағы троллейбус аялдамаға соғысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Тимирязев көшесімен келе жатқан қоғамдық көлік белгісіз себеппен жолдан шығып кетіп, аялдама павильонын соққан. Соққыдан аялдама конструкциясы қирады.

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Троллейбус ішінде болған 19 жастағы қыздың көзіне әйнек сынығы тиген. Ал екінші зардап шеккен адам сол сәтте аялдамада тұрған. Оның жарақаты нақтылануда.

Жедел жәрдем бригадасы екі адамды ауруханаға жеткізді. Басқа зардап шеккендерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Троллейбус жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғанын, оған жолда дөңгелектің жарылуы себеп болғанын айтты. Қазір оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.

Пікірлер