Белгілі әзілкеш, театр жетекшісі Тұрсынбек Қабатовтың әлеуметтік желіде тараған соңғы суреттері жұртшылықтың назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
БАҚ-та тараған ақпаратта Қабатовпен бір тойда түскен қонақтар оның суреттерін желіге жүктеген. Қырағы желі қолданушылары суреттен әзілкештің басына ота жасалғанын байқап, түрлі пікір қалдырды.
«Тұрсынбектің басына не болған?», «Басының жартысы жоқ қой», «Басына операция жасап, бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Қыста концертіне барғанымда айтты», «Ем болсын» деген сынды пікірлер жазылды.
Алайда әзілкеш бұл туралы ресми мәлімдеме жасамады.
Ұқсас жаңалықтар