Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын айтты. Ол Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшіліктің орнауына мүдделі екенін жеткізді.
Президент Астананың әуелден-ақ әділдікке негізделген бейбітшілік формуласын бірлесіп іздеу идеясын қолдағанын және бұл тұрғыда БҰҰ Жарғысын, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау қағидатын ұстанып келе жатқанын еске салды.
Мемлекет басшысының пікірінше, қазіргі күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыппен шешу маңызды. Ол тараптарды «Жанжалдан, жаман болса да бітім артық» деген даналыққа сай әрекет етуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев территориялық мәселелердің халықаралық қатынастардағы ең күрделі түйткілдердің бірі екенін атап өтті. Мұндай түйткілдер көбіне бейбіт келісімдер жолында басты кедергіге айналатынын, бірақ қазіргі ең басты міндет – халықаралық кепілдіктер арқылы Украина қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттілігін сақтау екенін айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті екі елдің өзара мүдделеріне сай түрлі салада белсенді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.
Серик Малеев. Киев может заморозить Москву хоть завтра. Что для российской столицы равнозначно смерти