Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды

1121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IsxkWUbGtWMtFYQIYzeh9pl1ysrcZH3N4gJyoVmO.jpg

Атом энергиясы агенттігі Алматы облысы Жамбыл ауданында салынатын атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсқа дайындықты бастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысына сәйкес, Агенттіктің бұйрығымен 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылды»,—делінген хабарламада.

Сондай-ақ құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кіретін конкурстық комиссия құру жүктелген.

Пікірлер