2026 жылы Абай облысының Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінде жаңа су қоймасы салынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқаны айтылды.
Абай облысы бойынша “Қазсушар” РМК филиалының басшысы Жарқынбек Байсабыров тексеріс барысында барлық тарап жобаны егжей-тегжейлі талқылап, өз ұсыныстарын білдіргенін атап өтті.
– Аудандық әкімдікпен бірлесіп ішкі каналдар қаралды. Жергілікті атқарушы органдар олардың реконструкциясына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен айналысады. Жаңа су қоймасы мен магистральдық каналдар ауданның ирригациялық жүйелерінің толыққанды әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етпек, – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар