Ресейде елші болған шенеунік министр қызметіне тағайындалды

1623
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/isnvBEiCJj9Pzy7ePNOFIyTYhzagjYcpoKHy4Yi1.jpg

Сыртқы істер министрі қызметіне Ермек Көшербаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна».

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Ермек Көшербаев 2025 жылдың ақпан айынан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

Бұған дейін Сыртқы істер министрі қызметінде Мұрат Нұртілеу отырған. Бүгін ол лауазымнан босатылды.

Еске салсақ, 4 қыркүйекте Қазнетте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртәлеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және ҰҚК-ның жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталғанын жазған болатын. Бірақ одан кейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны шындыққа сай келмейтінін мәлімдеген.

Арада бір күн өткенде Мұрат Нұртілеу ел алдына шықты. Ол "Harvest Group" төрағасы Алмаз Әлсеновпен агро-индустриялық кластерді құру барысын талқылаған.

Пікірлер