Әзербайжанда Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

725
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SQrpWGn39RxBghRy4zlAHj86fbbxrOqHk7awlbXG.webp

Бүгін бүкіл Әзербайжан аумағында Отан соғысында ерлікпен шайқасып, елдің аумақтық тұтастығы жолында жанын қиған шейіттердің рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Report агенттігіне сілтеме жасап. 

Сағат 12:00-де көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы тоқтатылды. Автомобильдер дыбыс сигналын беріп, кемелер мен жерүсті пойыздары ұзақ дабыл қақты.

Айта кетейік, 27 қыркүйек – Әзербайжанда Отан соғысы шейіттерін еске алу күні. Бұл – Әзербайжан қарулы күштері мен екінші тараптағы Армения әскерлері және мойындалмаған Таулы Қарабах Республикасының қарулы топтары арасында болған ірі соғыс.

2020 жылы президент Ильхам Әлиевтің жарлығымен белгіленген. Еске алу күні елдің аумақтық тұтастығын қорғап, жанын қиған әскери қызметкерлерге құрмет ретінде аталып өтеді. 

Пікірлер