Салық пен зорлыққа қарсы. Бостандық бостандыққа ұмтылған күн еді...

1422
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Fu3rbAD4EV7c3htMjQafhP2IeH9mdhQW9tlSJtRX.jpg

1929 жылы 27-30 қыркүйек күндері астық дайындау науқаны кезінде Сырдария округінің Бостандық ауданының (қазір Өзбекстанға қарайды) тұрғындары Совет өкіметінің үстемелете салған салығы мен зомбылық әрекеттеріне қарсы шықты.

Көтерілісті ұйымдастырушылар Т. Мұсабаев, У. Майлыбаев болды. Оған 500-ге тарта адам қатысқан.

Берішмолла қыстауының қасындағы ұрыста оларға И. Шаныбековтің басмашылар жасағы көмекке келді.

Көтерілісті Мемлекеттік саяси басқарманың жасақтары күшпен басты. Көтерілісшілерден 50 адам қазаға ұшырап, 2 адам ату жазасына кесілген

36-сы – 10 жылға сотталса, жетеуі – 5 жылға жер аударылған. 

1929-1930 жылдары астық өндіру жоспарының орындалмауына байланысты қарапайым шаруаларға қатаң жаза қолданылды. Оларға қойылатын талаптар күшейтілді. Жалтарып жатқан жағдайда оларды «контрреволюциялық қылмыс» деп танып, РКФСР ҚК 58-бабы бойынша ату жазасына кескен.

Пікірлер