Ауғанстанда интернет қайта қосылды

1181
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/M6oQaRBdI8AcgMfBLuXDSluK9PBIp6JVAXEmkxbs.webp

Ауғанстанда екі күннен соң интернет пен телекоммуникация қызметтері қалпына келген.  Тұрғындар желіге қайта оралғандарын көшеге шығып тойлаған. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Netblocks интернет-мониторлау қызметінің хабарлауынша, елдегі байланыс «ішінара» қалпына келе бастаған.

Байланыстың 48 сағатқа үзілуі әсерінен елде кәсіпорындардың жұмысы мен әуе қатынасы бұзылып, шұғыл қызметтерге хабарласу мүмкін болмаған.

«Барлығы бақытты, ұялы телефондарын ұстап, туыстарымен сөйлесуде. Әйелдерден бастап, тәліптерге дейін байланыс қалпына келгенде телефон қолдана бастады. Қазір қалада адам көп», – дейді Кабулда сұхбат берген адамдардың бірі.

Негізінен, Талибан үкіметі интернеттің сөнуіне қатысты ресми түсініктеме бермеді. Бірақ, өткен айда Талибан губернаторының Солтүстік Балх провинциясындағы өкілі интернетке кіру "азғындықтың алдын алу үшін" бұғатталып жатқанын айтты. 

Тұрғындар интернет сөнген кезде Кабулдың орталығында мүлгіген тыныштық орнағанын, банктер жабылып, сауда орталықтарының қаңырап қалғанын айтуда. Тіпті, ақша айырбастау нарығындағы барлық халықаралық аударым сап тыйылған. 

Пікірлер