«Саяси ықпалдан тыс өтеді». ФИФА вице-президенті Трамптың мәлімдемесіне жауап берді

1247
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WCh5ssdP8xdOTZhfLawBfLgqYcsOutMdz7Kh5X5j.jpg

Фото Global Look Press

ФИФА вице-президенті Виктор Монтальяни 2026 жылғы әлем чемпионатына матчтар қабылдайтын қалалардың өзгеруі мүмкін деген Дональд Трамптың мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы Associated Press жазды, деп хабарлайды «Адырна».

Ол турнирге қатысты шешімдерді халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ғана қабылдайтынын, саяси көшбасшылардың бұл процеске араласа алмайтынын атап өтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін кейбір қалалардың, атап айтқанда Сиэтл мен Сан-Францисконың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, матчтардың қай қалаларда өтетініне ықпал ете алатынын айтқан болатын.

Алайда Монтальяни бұл пікірді жоққа шығарып, «футбол — саясаттан тыс», және турнир билік ауысуына немесе жекелеген тұлғалардың пікіріне тәуелді емес екенін нақты айтты.

«Барлық қабылдаушы қалалармен ФИФА келісімшартқа отырған. Бұл шарттарды біржақты түрде өзгерту мүмкін емес», – деді ол.

Сондай-ақ, ол әлем чемпионаты кез келген саяси ұраннан маңыздырақ екенін, дәл осы себепті футболдың шынайы әлемдік ойын болып саналатынын еске салды.

Пікірлер